{metadescription}
Иерусалимдегі синагога маңында теракт жасалып, 7 адам қаза тапты

Иерусалимдегі синагога маңында теракт жасалып, 7 адам қаза тапты

Жұма күні Шығыс Иерусалимдегі Неве-Яаков ауданында синагога жанында террористік акт ұйымдастырылып, 7 адам қаза тапты.

Аталған мәліметтерді Израиль полициясының баспасөз қызметі жариялады.

«Иерусалимдегі террористік акт: бүгін кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-30-дар шамасында террорист Иерусалимде Неве-Яаков бульварындағы синагогаға келіп, жақын арадағы адамдарға оқ жаудырған. Полиция бірден оқиға орнына жетіп, террористің орналасқан жерін анықтап, оған қарай оқ атты. Террорист қолға түсті»,-делінген полицияның Twitter парақшасындағы хабарламада.

«Еш кінәсі жоқ 7 адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін The Jerusalem Post пен израильдің өзге де басылымдары 8 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде