{metadescription}
Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді

Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді

Үкіметтің қаулысымен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін ЖОО-да білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65 %-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі», - делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 қаулы мәтінінде.

Айта кетсек, бұрынғы қаулыда гранттардың 30 пайызы конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде