{metadescription}

Автобус жардан құлап, 25 адам мерт болды

Перудің солтүстігінде 60 жолаушы мінген автобус сенбі күні жардан құлап кетті. 25 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. 

Деректер бойынша, оқиға 03:00 шамасында болған. Рейстік автобус жүргізушісі Пьюра аймағы Талара провинциясындағы қолайсыз жолда көлікті игере алмай, автобус құздан құлаған.

Жергілікті полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Перуде жол-көлік апаты жиі болады. Оның негізгі себептері – жол мен көліктердің нашарлығы, сондай-ақ көлікті жүргізуші куәлігінсіз немесе мас күйінде айдау.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде