Петропавлда бірнеше ықшамаудан бір тәуліктен бері сусыз отыр
Петропавлда «Қызылжар су» ЖШС мамандары бір тәуліктен аса уақыттан бері су құбырын жөндеп жатыр.
12:19 29.01.2023
Қаланың Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су құбырын толық тексеру кезінде қосымша істелуі керек жұмыстар бар екені анықталды. Зақымдалған жерді жөндеу үшін көбірек уақыт қажет болды. Бұған дейін, сумен қамту 03:00-ге дейін қалпына келтіріледі деп жоспарланған болатын.
«Су жақын арада беріледі. 35 адам мен 17 техника жұмыс істеп жатыр», - деді баспасөз қызметі.
Оңтүстік-шығыстағы диаметрі 800 мм су құбырының зақымдалғаны 28 қаңтар күні таңертең белгілі болды. Жұмысшылар ауылы, «Береке» ықшамауданы мен вокзал маңындағы үйлер сусыз отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!