Ирандағы Қазақстан елшілігі қалыпты жұмыс істеп тұр - СІМ
Қазақстанның Тегерандағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Фото: stan.kz
14:05 30.01.2023
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл тек бір ғана жағдай. Егер Тегеранда орналасқан елшіліктерге жаппай шабуыл жасалса, онда жағдай басқаша болар еді. Елшілік қалыпты жұмыс істеп жатыр», - деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, бұл жағдайдан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Әзербайжан Республикасының Тегерандағы Елшілігіне қарулы шабуыл жасалған болатын.
Болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған ҚР Сыртқы істер министрлігі шабуылды қатаң айыптады.
Саяси ведомство Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенім білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!