{metadescription}
Батыс Қазақстанда 227 адам Мәжіліс пен мәслихатқа өзін-өзі ұсынды

Батыс Қазақстанда 227 адам Мәжіліс пен мәслихатқа өзін-өзі ұсынды

Батыс Қазақстан облысында 227 адам Мәжіліс пен мәслихатқа өзін-өзі ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, тек соңғы үш күнде ғана 180-нен астам өтініш түскен.

Оның айтуынша, 227 адамның төртеуі – Мәжіліс, төртеуі – облыстық, қалғаны қалалық және аудандық мәслихаттарға өту үшін бақ сынап көрмекші.

Сонымен қатар жуырда 7 партия өз үміткерлерін анықтап, Мәжіліс пен мәслихаттарға ұсынады.

Күні бүгін сайлау комиссияларына 4101 адам тартылып отыр. Облыс бойынша 173 округтік, 14 аумақтық сайлау комиссиялары жұмыс істеуде.

Қазіргі кезде сайлаушылардың тізімі жасалып жатыр.

«Үміткерлердің өтініштері сайлау комиссиясының отырыстарында қаралып, заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Қаражат мәселесіне келсек, қаржы көлемі нақты бекітілген жоқ. Ол қанша кандидаттың додаға түсетініне байланысты. Бір атап өтетін жайт, бөлінген қаражаттың 92 пайызы сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысына, қалғаны үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалады», - деді Ғ.Қапақов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.