Колледж студенттеріне дипломмен қоса құзыреттілік картасы беріледі
Ендігі уақытта колледж бітірген студенттерге дипломмен қоса, олардың мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін куәландыратын қосымша құжат беріледі.
20:03 31.01.2023
Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша колледждерге академиялық дербестік берілді. Еңбек нарығының жылдам дамуын ескерсек, аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің колледждері жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімін дербес айқындауға мүмкіндік алды. Бұл еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді», - деді Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жұмысқа орналасуда жас маманның дағдылық және біліктілік деңгейі маңызды.
«Болашақта колледж түлектеріне дипломға қосымша құжат ретінде құзыреттілік картасы беріледі. Аталған қосымша құжат жас түлектің кәсіптік даярлығы және мамандығы бойынша еңбек функцияларын орындау деңгейін меңгеруін көрсетеді», - дейді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!