Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 72 адам шалдықты
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 69, коронавирус белгілері бар пневмонияға 3 адам шалдықты.
08:35 01.02.2023
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
Жалпы 1 ақпандағы ақпарат бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 551 адам (коронавирус (КВИ+) –1 404, пневмония (КВИ-) – 147) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!