Антикор кәсіпкер құқығын қорғайтын жобаны іске асыра бастады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске қосты.
10:17 01.02.2023
Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
«Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.
Мәлім етілгендей, қазір өңірлерде бизнестен өтініш қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеп жатыр.
Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламалар қабылдауда.
Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!