Шымкентте көпқабатты үйдің балконы опырылды
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түскен.
Фото: otyrar.kz
10:42 01.02.2023
Оқиға әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан 3 қабатты үйде болған. Түскі мезгілде үшінші қабаттағы балкон тұтастай төмен құлаған.
Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жеткен. Мәселенің мән-жайын анықталып жатыр.
«Құтқарушылар оқиға орнында шатырдағы қарлар мен мұздарды түсіру жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!