{metadescription}

Тасқын судан Түркістан қаласына келер қауіп жоқ - әкімдік

Тасқын судан Түркістан қаласына келер қауіп жоқ.

2 ақпанда Түркістан қаласының аумағындағы Арыс-Түркістан су арнасында да сел жүрді. Тасқын судың деңгейі көтеріліп, Түркістан қаласына қауіп төндірді. Арна бойында орналасқан 6 көпірде мұзды бұзу және арту жұмыстары жүргізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл іске 22 техника мен 150-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Еріктілер де су қаупінің бетін қайтаруға күш салды.

«Сел қала аумағына зарарсыз өтті. Түнгі 02:30-дан асқан уақытта мұз ағыны тыйылып, су деңгейі қалыпты жағдайға түсті», - делінген Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

2 ақпанда Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатқанын хабарланған еді. Тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Су тасқынына байланысты Сауранда мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті және 7 балабақша жұмысын тоқтатты.

Түркістан облысының үш ауданында 6 көшені су басқан. Өңірде көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды. Түркістан облысының әкімі тасқын су кірген елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде