Индерлік полицейлер киік аулағандарды ұстады
Индерлік полицейлер киік аулағандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
Фото: gov.kz
13:33 03.02.2023
«Атырау облысы аумағында өтіп жатқан «Қыстақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік қызметкерлер Индербор кентіне кіреберіс тасжолда УАЗ автокөлігін тоқтатқан. Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты 1974 және 1972 жылдары туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!