Әлихан Смайылов ЕАЭО ақпараттық жүйелерін интеграциялауды ұсынды
Интеграцияланған ақпараттық жүйенің толыққанды іске қосылуы саудадағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
18:37 03.02.2023
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында айтты.
«Одақтағы өзара іс-қимылдың тиімділігі үшін ортақ процестер мен ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін іс жүзінде іске асыру қажет. Дер кезінде және тиімді ақпарат алмасусыз Одақтың экономикалық әлеуетін дамыту мүмкін емес. Біріктірілген ақпараттық жүйенің толыққанды іске қосылуы өзара саудадағы кедергілердің айтарлықтай бөлігін жоюға және Одақтың транзиттік және сыртқы сауда процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Мен елдерді ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жеделдетуге шақырамын», - деді ҚР Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!