{metadescription}
Таразда 5 жасар баланы тоқ соқты
Таразда трансформатор жанында ойнап жүрген 5 жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлайды ТЖМ.
20:16 03.02.2023
«Тараз қаласында Абдуллин көшесі бойында ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жатқан кезде 2018 жылы туған баланы электр тогы соққан. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын барынша сақтау керектегін ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!