Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Сенбі, 4 ақпанда, Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Фото: primeminister.kz
14:37 04.02.2023
Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!