{metadescription}

Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Іріктеу сайыстарының 3-ракеткасы болып тіркелген Ю. Путинцева бастапқы кездесуін әлемдік рейтингіде 186-орында тұрған ресейлік Анастасия Захаровамен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ю. Путинцева іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 152-сатыдағы өзбекстандық Нигина Абдураимовамен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Әбу-Даби додасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетеді. 6-12 ақпан аралығында өтетін жарысты ол екінші айналымнан бастап, чехиялық Каролина Плишкова немесе испаниялық Гарбинье Мугурусаның біреуімен кездеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде