Риддердегі жылу орталығында тағы ақау шықты
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жылу электр орталығындағы жаңа қондырғы істен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Tets.kz
12:24 06.02.2023
Кеше риддерліктердің үйлері тағы да суып кетті. Бұған жылу электр орталығындағы жаңа қондырғының істен шығуы себеп болған.
Аталған қондырғы осыдан бірнеше апта бұрын өрт шыққаннан кейін қайта қалпына келтірілген көмір трактына орнатылған болатын.
«5 ақпанда 2 конвейер таспасын көтеретін барабан қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін №1 қазандық қондырғысы қосымша қыздырылды», - дейді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!