Түркияда газ құбырында жарылыс болды
Газ құбырындағы жарылыс пен өрт Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан болды.
Фото: www.iha.com.tr
16:24 06.02.2023
Оқиға Түркияның Хатай провинциясындағы Топбоғазы ауылындағы газ құбырында болған. Жарылыс газ құбырының екі түрлі учаскесінде болды, олардың арасында шамамен үш шақырым. Екі жағдайда да жарылыстар әлі сөндірілмеген өртке ұласты.
Мәселені түріктің «Боташ» компаниясының өкілдері шешуде. Компания бұған дейін жойқын жер сілкінісі елдегі газ құбырларының жұмысына әсер етпегенін мәлімдегенімен, сақтық шарасы ретінде апат ошағына жақын орналасқан бірқатар аудандарға газ беруді тоқтату туралы шешім қабылданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!