{metadescription}

Автонесие: Алғашқы лекке кірген 761 өтінімнің кейбірі кері қайтарылуы мүмкін

4 пайыздық автонесиенің алғашқы легіне кірген 761 өтінімнің кейбірі кері қайтарылуы мүмкін.

Бұл жайында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты.

«Жеңілдетілген автонесие ресімдеудің алғашқы легіне тіркеліп үлгерген 761 адамның кейбірінің өтініші кері қайтарылуы мүмкін. Өйткені кейбір азаматтар жүйенің шынымен жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін немесе қалай істеп тұрғанын тексеру үшін кірген болуы мүмкін. Кейбір адамдардың төлем қабілеттері расталмауы мүмкін. Осы себепті кейбір азаматтардың өтінімі тіркелгенімен несие ресуімдеуден бас тартылуы ықтимал. Ондай адамдар несие алғандар тізіміне кірмейді. Яғни, келесі айда платформа ашылғанда қайта кезекке тұра алады, Ал олардың орнына басқа өтінім алынбайды», - деді Жанар Ибрашева.

Сондай-ақ, ол алғашқы лекке ілесіп, кейін өтініші қанағаттандырылмаған азаматтар келесі жолы өтінімді қайтадан басынан бастап ресімдейтінін ескертті.

«Бұл келесі айда олар автоматты түрле ықтимал 100 адамның тізімне кіреді деген сөз емес. Осы жолғыдай қайтадан басынан бастап өтінім ресімдейді», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде