Қор нарығында доллар арзандап жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
17:42 06.02.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,91 теңгеге төмендеп, 1 доллар 457, 70 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 458,69 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу – 463 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,5 теңгеден болса, сатып алу – 460,5
Ресей рублі 6,25 – 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар бағамы өткен аптадан бері арзандап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!