Мұрат Мұстафаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып тағайындалды
Бұған дейін Мұрат Мұстафаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді.
20:19 06.02.2023
Еңбек жолын «Южнефтегаз» АҚ мұнай өндіру операторы болып бастады. Әр жылдары «Торғай Петролеум» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарған. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да бас геолог, бас директордың орынбасары, геология және игеру жөніндегі басқарушы директор, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директоры болған. «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ЖШС мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры лауазымдарында қызмет атқарған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!