Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Алматы уақытымен 8 сағат 46 мин 17 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Фото: earninginmotion.com
10:01 07.02.2023
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты -11.2. MPV магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!