Пияз неге қымбат? - Премьер-министр әкімдерге шүйлікті
Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге пияздың қымбаттығына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Фото: Pixabay.com
11:45 07.02.2023
"Өңірлерге пиязды мердігерлікпен қамтамасыз ету тапсырылды. Әкімдер өз өңірлерінің сұранысын қанағаттандырдық деп бірнеше рет есеп берді. Бірақ пияз неге қымбат?", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Үкімет басшысы елімізде пияздың жеткілікті мөлшерде өсірілетінін де айтты.
"Алайда бағаның өсуін төмендету үшін біз төтенше шаралар қабылдауға, экспортқа тыйым салуға мәжбүр болдық", - деді Смайылов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!