18 жастағы Талдықорған тұрғыны әкесінің өліміне күдікті деп танылды
6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған, деп хабарлайды polisia.kz.
Фото: ашық дереккөзден
15:27 07.02.2023
Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген. ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді.
Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!