Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
16:51 07.02.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,67 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 98 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 457, 70 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458 теңге, сатып алу – 462 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457 теңгеден болса, сатып алу – 460
Ресей рублі 6,25 – 6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар бағамы өткен аптадан бері арзандап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!