{metadescription}

Түркияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ

Түркиядағы жер сілкіністерінен зардап шеккендер мен қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ.

Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде осындай мәлімет берді.

«Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Қазіргі таңда Түркияда қалған Қазақстан азаматтарын Газиантеп қаласынан елге әкету шаралары жүргізілуде.

Елге қайтамын деген Қазақстан азаматтары 7 ақпан сағат 12:00 Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп дайын болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін +90 538 8807041, +90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.