Түркиядағы қазақстандықтар үшін жедел желі ашылды
Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін сенім телефонын ашты.
18:04 07.02.2023
"СІМ 8 (7172) 72-05-00 телефоны арқылы сенім телефонын ашты, біздің азаматтар мен олардың туыстары көмек сұрай алады. Сонымен қатар, Түркиядағы шетелдік өкілдіктердің шұғыл байланыстары жақын арада жарияланады.
Барлық алынған ақпарат тексеруден өтеді. Жер сілкінісі болған аймақтардағы гуманитарлық апатты ескере отырып, іздеу жұмыстары біраз уақытты алады. Түркиядағы азаматтарымыз туралы қандай да бір ақпарат болса немесе туыстарыңыз хабарласпай жатса, дереу Сыртқы істер министрлігіне жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне немесе Түркиядағы дипломаттарымызға хабарлауын сұраймыз", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!