{metadescription}

Автонесиеге алынған көлікті сатуға бола ма

Кеше елімізде жеңілдетілген пайызбен автонесие берудің алғашқы кезеңі басталды.

Санаулы секундтың ішінде 761 қазақстандық кредит алу мүмкіндігіне ие болды. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкіліне несиеге алынған көлікті қайта сатуға бола ма? деген сауал қойған еді.

«Көлікті қайта сату мүмкін емес. Өйткені, ол жерде әр адамның ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген. Одан бөлек, клиенттің аты-жөні мен банк төлем шоты ұсынылады. Яғни автомобиль тек сол адамға беріледі және ол ала сала біреуге сата алмайды», - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров Үкімет үйінің кулуарында.

Оның айтуынша, автонесиелендіру бойынша жағдай қордың бақылауында және процесс автоматтандырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.