Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кейін мұнай бағасы өсті
Дүйсенбіде Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кейін тасымал бойынша іркілістер болуы мүмкін деген қауіппен байланысты мұнай бағасы өсті.
19:27 07.02.2023
Brent маркалы мұнай фьючерстері 46 центке немесе 0,6%-ға өсіп, барреліне 80,40 долларды құрады, ал АҚШ-тың WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 20 центке немесе 0,3%-ға өсіп, 73,59 доллар болған.
Басылымның жазуынша, дүйсенбіде Түркия мен Сирияда болған күшті жер сілкінісі Түркияның Джейханында ең ірі мұнай экспорттау орталығының жұмысын, сондай-ақ Ирак пен Әзербайжаннан шикі мұнай транзитін тоқтатты. Әзербайжандық шикі мұнайды экспорттайтын Джейхандағы Баку-Тбилиси-Джейхан (BTC) терминалы шығынды бағалау аяқталғанша сәрсенбіге дейін жабық болады, деп мәлімдеді Tribeca жүк тасымалдау агенттігі.
Әзербайжан түріктің Джейхан портын өзінің негізгі шикі мұнай экспорттау орталығы ретінде пайдаланады, оның ағыны тәулігіне шамамен 650 000 баррельді құрайды. Ирактағы Күрдістан аймақтық үкіметінің Табиғи ресурстар министрлігі дүйсенбі күнгі жер сілкінісінен кейін билік Ирактың солтүстігіндегі Киркуктағы кен орындарынан Джейханға дейін созылатын құбыр желісі арқылы ағындарды тоқтатқанын хабарлады. Министрлік сондай-ақ мұнай экспорты «құбырларды мұқият тексеру» аяқталғаннан кейін қайта басталатынын хабарлады.
Мұнай бағасының өсуіне Қытайда коронавирус шектеулері әлсірегеннен кейін ондағы экономиканың қалпына келу перспективасы да әсер етті. Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) биыл мұнайға әлемдік сұраныс өсімінің жартысы Қытайдан келеді деп болжап отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!