{metadescription}

АҚШ қазақстандық банкке салынған санкцияны алып тастамақ

Қазақстандық «Bereke bank» банкке салынған санкция алынып тасталмақ.

Бұл ақпаратты банктің өкілі Нұргүл Салықжанова растады.

«Иә, бұл ақпарат рас. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұған дейін «Bereke bank» салынған санкцияны осы жылдың наурыз айында алып тастайды», - деді Нұргүл Салықжанова.

Еске салсақ, өткен жылы қыркүйекте «Бәйтерек» холдингі ресейлік «Сбербанк Қазақстанды» сатып алған еді.

Кейін Қазақстан «Сбербанк Қазақстанға» ребрендинг жүргізіп, «Bereke bank» деп өзгертті.

Сонымен қатар «Bereke Bank»-тің шығынын Қазақстан мемлекеті өтемейді.

«Мемлекет банктің ешқандай шығынын өтемейді. Банк сатылғанға дейін келген шығындардың бізге қатысы жоқ. Бұл – банктің бұған дейінгі акционері өзіне қабылдап алған шығындар. Яғни, 1 қыркүйекке дейін болған дүниенің бәрінің бізге тікелей қатысы жоқ. Бүкіл шығындар бізге емес, бұған дейінгі акционерінің мойнында қалды», - деді «Бәйтерек» басшысы Қанат Шарлапаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде