Тағы бір партия Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды
Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына тиісті құжаттарды өткізді.
11:02 08.02.2023
Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Respublica партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке тексерді.
«Құжаттар ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», - деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова.
«Бүгін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауға 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде ерлер-17 әйелдер- 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені 51 жаста», - деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!