Алматыда 76 ата-ана алаяққа алданып қалған
Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналарын ондаған миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: ҚР ІІМ
12:09 08.02.2023
22 жастағы азамат Ж. жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын білім беру орталығының директоры ретінде хабарландыру таратқан.
«Келісімшарт ережесіне сәйкес, ата-анаға 238 мың теңгені бөліп төлеуге мүмкіндік берілген. Бұл ретте, бала тестілеуден өтпей қалса, «мұғалім» ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде – оқу орталығының негізін қалаушы бой тасалаған, ал балалар уәде етілген сабақтарын алмады. Ата-аналар полицияға көмек сұрап жүгінді.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!