Биыл зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 28 % асты
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі туралы түсінік берді.
12:24 08.02.2023
«БЖЗҚ зейнетақы активтері 14,6 трлн теңгені құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,6 трлн теңгеге (немесе 12,1%) өсті. 2016 жылдан 2019 жыл аралығында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен 17 пайыздан 33 пайызға дейін өсті. Ұлттық банк зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстауды жоспарлап отыр», - деді Ә. Молдабекова Сенатта депутаттармен кездесу кезінде.
Оның айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің өсуі аясында, БЖЗҚ портфеліндегі валюталық активтер үлесі төмендеп, 28 пайызды құрады.
«Биыл валюталық активтердің қазіргі үлесі 28,4 % жетті. 2023 жылы бұл үлесті 30 % жеткізіп, алдағы уақытта да осы көрсеткішті сақтап қалуды жоспарлап отырмыз», - деді ҰБ өкілі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!