Алматы облысында ірі жол апатынан бір адам қаза болды
ІІМ ресми Telegram-каналы мәліметінше, оқиға 7 ақпанда Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында болған.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
12:48 08.02.2023
Жол апаты кезінде 8 көлік соқытығысқан.
"Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі автобус жолаушысы", - делінген хабарламада.
Дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!