{metadescription}

Ақтөбенің Алға ауданында электр стансасы өртенді

Ақтөбе облысы Алға ауданының орталығында электр стансасы өртенді. Ауруханаға электр тогын үздіксіз беру үшін генератор қосылды.

Ақтөбе облысындағы 101 қызметіне бүгін сағат 9:39-да хабарлама түседі. Хабарламада Алға ауданындағы электр стансасы өртеніп жатқаны туралы айтылған. Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 техника жіберілді. Өрт кезінде жараланған ешкім жоқ.

«Құтқарушылар оқиға орнына барған соң ғимараттың кіреберіс қақпасын бұзып ашты. Өртті сөндіру кезінде барлық қауіпсіздік ережесі сақталды. Көбік шашты. Құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станса секциясына тарап кетпеуін қамтамасыз етті. Алдын ала деректер бойынша өрт алаңы – 50 шаршы метр. Өрт бір сағаттан соң оқшауланып, сөндірілді. Шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде қалада қанша абоненттің жарықсыз отырғаны айтылмады. Ал, аудандық ауруханада генератор іске қосылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде