{metadescription}

Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 2530 адамға жетті

Осы сағатта Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны кем дегенде 2 530 адам және жарақат алғандар саны 4654 адам, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Сирияның денсаулық сақтау министрі Хассан Мухаммад Аль-Гобаш қаза тапқандар саны 1250 адамға және жарақат алғандар саны 2054 адамға жеткенін хабарлады. Бұл деректер іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатқандықтан әлі өзгеруі мүмкін. 

Министрлік зардап шеккен провинцияларға жедел жәрдем көліктері мен 28 мобильді клиника жіберген, олар қажетті материалдармен және білікті қызметкерлермен жабдықталған.

Сонымен қатар, «Ақ дулыға» деп аталатын «Сирияның азаматтық қорғанысы» 1280-нен астам адам қаза тауып, 2600-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Оның құтқару бригадалары үкіметтің бақылауынан тыс жерлерде жұмыс істейді.

«Олардың саны айтарлықтай артатын шығар, өйткені жүздеген отбасы жер сілкінісінен кейін 50 сағаттан астам уақыт бойы үйінді астында қалған», - деді ұйымнан.

Сирия билігі мен Сирия топтарының бақылауындағы аумақтарда осы сағатқа дейін қаза тапқандардың жалпы саны 2530 адамды құрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде