ҚР Президенті Сирияға ИЫҰ арқылы гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: akorda.kz
12:44 09.02.2023
Ақордадан мәлім еткендей, Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
Бүгін Қ.Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!