{metadescription}

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі паркинг осы жылдың соңында ашылуы мүмкін

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг ашылады.

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағын ауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін қала әкімі мұндай автотұрақтараулаларды көліктерден жартылай босататынын айтқан еді.

Сондай-ақ, былтыр сәуір айында Алматыда ақылы автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.