{metadescription}

Мұрат Саурықов Жамбыл облысы Автомобиль жолдары басқармасына басшы болды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Саурықов Мұрат Құттыбайұлы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мұрат Саурықов 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2002 жылы «жол қозғалысын ұйымдастыру», 2006 жылы «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігі және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы болып бастаған, аталған мекемеде 2013 жылға дейін еңбек етті.

2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде