{metadescription}

7 жасар сириялық қыз үйінді астында бауырын бір тәулікке жуық қорғады

Жеті жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған інісін қорғап тұрғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа өзінің Twitter парақшасында осы сәттің видеосымен бөлісті.

"Жеті жасар сириялық қыз 17 сағат бойы жер сілкінісінен кейін үй қирандыларының астында інісін қорғап қалды. Өзін 17 жыл өткендей сезінсе керек», - деп жазады Tribune India.

Әлеуметтік желіде батыр қызды «нағыз қорғаншы періште» деп атаған пікірлер пайда болды. Желіде «Құдай-ау, неткен батыл қыз», «Жарайсың!», «Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке» деп жазуда.

Бұл оқиғаның соңы жақсы аяқталып, балалар үйінді астынан құтқарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде