Түркияда тағы 6 жер сілкінісі тіркелді
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) Түркияның орталық және шығыс бөлігінде алты жер сілкінісін тіркеді.
Фото: ашық дереккөзден
16:04 09.02.2023
EMSC мәліметінше, магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісі Кахраманмараштан 44 шақырым жерде және Бахче қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде тіркелген.
Бұған қоса орталық тағы бес жер сілкінісі болғанын хабарлады:
- Кахраманмараштың солтүстік-батысына қарай 62 км және Гөксунның солтүстік-шығысына қарай 12 км жерде мгнитудасы 3,4 балл;
- Кахраманмараштың солтүстік-батысына қарай 52 км және Гөксунның шығысына қарай 15 км жерде магнитудасы 4,3 балл;
- Гөлбашыдан солтүстікке қарай 29 км жерде магнитудасы 3,3 балл;
- Кахраманмараштан солтүстік-шығысқа қарай 62 км және Елбистаннан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде магнитудасы 3,4 балл;
- Диярбакырдан солтүстік-батысқа қарай 61 км және Дикледен солтүстікке қарай 11 км жерде магнитудасы 3,5 балл.
Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!