{metadescription}

Орман өртеніп жатыр, 24 адам қаза тапты

Чили үкіметі елдің үш орталық аймағындағы аптап ыстықтан шыққан орман өрттеріне байланысты жоғары дабыл режимін жариялады.

Мыңдаған өрт сөндіруші елдің оңтүстігін шарпыған өртті сөндірумен айналысып жатыр. Чилиде орманның жанып жатқанынан бір аптадан асты, 24 адам қаза тапты. Өрт салдарынан мыңдаған адам баспанасыз қалды.

Осы аптаның қалған күндерінде ауа температурасы өте жоғары болады деген болжам бар. Соның салдарынан Чилидің өзге де аймақтарында өрт тұтынуы мүмкін деген қауіп бар.

Елдің Ішкі істер министрлігінің орынбасары Мануэль Монсальвенің мәлімдеуінше, ел аймақтарында ауа температурасы 37 градустан асуы мүмкін болғандықтан, барлық өрт сөндіру бригадалары төтенше жағдайға дайын отыр.

Сюбле, Мауле, Биобио және Ауракания аймақтарында 300 мың гектарға жуық аумақ өртенді. Өрттен шыққан түтін сейсенбі күні ел астанасы Сантьягоны орап алды.

300-ден астам жалын ошағын сөндіруге 5 мыңнан астам құтқарушы күш салуда.

АҚШ Чилиге көмектесу үшін 36 мың литр су тасымалдауға қабілетті DC-10 әуе танкерін жіберді. Аргентина, Мексика және Испания да өртпен күресу үшін арнайы дайындалған құтқарушыларды жөнелтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде