11 жастағы қыздарға папилломавирусқа қарсы вакцина салынбақ
Елімізде 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр.
20:07 09.02.2023
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған.
«11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады», - делінген құжатта.
Кешенді жоспарда көрсетілгендей, вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.
Сонымен қатар, аталған уақыт ішінде «В» вирусты гепатитіне де қарсы вакцинация жүргізілмек. Бұл бағытта да нысаналы топтың 95%-ын тиісті екпемен қамту жоспарланған.
Құжатты ашық талқылау 23 ақпанға дейін жалғасады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!