{metadescription}

Ресейде тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам қаза тапты

9 ақпан күні таңертең Ресейдің Новосибирск қаласында Линейная көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. 

Үй құлағаннан кейін үйінділер астынан бесінші құрбанның денесі табылды.

Бұған дейін қаза болған төртінші адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын. Дереккөздің айтуынша, оның есімін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кейін Новосибирск облысының денсаулық сақтау министрлігі бес адамның қайтыс болғанын растады. Қайтыс болғандар арасында екі жасар бала да бар.

«Қаза болғандардың бірі – 40 жастағы әйел және 2 жасар бала», - деді агенттік сұхбат беруші.

«Қазіргі уақытта үйінділерді ашу жұмыстары жалғасуда. 10 адамның тағдыры белгісіз, оның ішінде 3 бала бар», - деді дереккөз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде