Газиантепте қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы бір адамды аман алып шықты
Түркияда жүрген Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы бір адамды аман шығарып алды, деп хабарлайды оқиға орнынан ақпарат таратып жатқан ҚазАқпарат.
Фото: Видеодан алынған кадр
09:03 10.02.2023
«Газиантепте құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан қазақстандық мамандар үйінде астынан 55 жастағы ер адамды аман шығарып алды», - деді Ақжігіт Шүкібай оқиға орнынан.
Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке аттанған болатын.Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке 8 ақпанда кешқұрым жетті.
Кеше Газиантептегі объектілердің бірінде қазақстандық құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды құтқарып алған еді.
Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді.
Соңғы мәлімет бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 17 мыңнан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!