Мажарстан турнирі: Айбек Оралбай неміс боксшысын нокаутқа түсірді
Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Айбек Оралбай қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Видеодан алынған кадр
10:30 10.02.2023
Иштван Бочкаиді еске алуға арналған жарыста 92 келі салмақта сынға түскен А.Оралбай неміс боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жек барысында Айбек қарсыласынан басым екенін көрсетіп, нокаутқа түсірді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 келі) мен Теміртас Жүсіпов (48 келі) жолдама алған еді.
Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке жол беріп қойды.
Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!