Қарабас станциясындағы апат: ҚТЖ-ның 17 жұмысшысы жазаланды
Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кету оқиғасынабайланысты Қазақстан темір жолы компаниясының 17 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.
Фото: instagram.com/ekaraganda.kz
13:27 10.02.2023
Бұл туралы Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы 3 жылда ҚР Индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрлгі жанындағы Апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу комиссиясы қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 33 жағдайын зерделеп, сараптады. Айталық, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарабас ОП767 өткелігінде ғана бір көлік оқиғасына жол берді. Оған жол жұмыстарының технологиялық өндірісінің бұзылуы себеп болған. Нәтижесінде компанияның 17 жұмысшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, қалған 32 көлік оқиғасына қатысты тәртіптік жаза белгілеу Еңбек кодексінің 65-бабына сәйкес жұмыс берушілердің тарапынан қаралып жатыр. Сонымен қатар Апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу комиссиясы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу мақсатында 2020 жылы заңды тұлғаларға - 207, 2021 жылы - 92, ал 2022 жылы 208 ұсыным жіберген.
«2022 жылдың 28 желтоқсанында Қарабас стансасында және 2022 жылдың 22 желтоқсанында Семей стансасында орын алған көлік оқиғаларын тергеу нәтижесі құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Көлік прокуратурасы, ҚТЖ вагон иелері және өзге де мүдделі тұлғалар бар комиссия жұмысының қорытындысында анықталады. Аталған фактілер бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді Премьер-Министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!