Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 18 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісінде көз жұмғандар саны 18 мыңнан асып, жарақат алғандар саны 74 мыңға жетті.
Фото: ©РИА Новости
14:41 10.02.2023
Түркия төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) соңғы мәліметі бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 18 342 адам көз жұмып, 74 242 адам зардап шеккен.
6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болған.
Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!