{metadescription}

Евгений Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Евгений Кочетов 1988 жылы Астанада дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының «Жас Отан» ЖҚ және әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, кеңесші қызметтерін атқарды.

2013-2014 жылдары «Цесна» корпорациясы» АҚ Даму департаментінің басшысы болды.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz бейне порталының жоба менеджері болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде