{metadescription}

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағында 11-13 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке жетеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында қатты жел соғып, жылдамдығы 30 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында қарлы боран соғады. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Температура күрт өзгермейді, тек түнде ауа температурасы шығыста 17-25, оңтүстік-шығыста 10-25-ке дейін төмендейді. Ал республиканың оңтүстігінде температура күндіз 5 градус аяздан 3-8 градусқа дейін көтеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.